«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Жангелдин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемесі болып табылады
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мындай ведомстволары бар:
1) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі;
2) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
3) Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Қ.Алтынсары көшесі, № 69А ғимарат.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- 11. Осы Ереже Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
- Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.