Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше. Мейрам қарсаңында Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде “ Бейбітшілік - ел тілегі! ” атты мәдени іс-шара өтті. Іс-шарада аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы тұрғындарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, сын сағатта халқымызға тән биік парасаттылық пен даналығын көрсетіп, халқына қалқан болған азаматтар, қолынан келгенше тасқын суға тосқауыл болу үшін қолдан келген әрекеттерін аямады. Кешегі топан судың топалаңында тосқауыл жасап, сындырлы сәтте алдыңғы шепте еңбек еткен азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Жиын мерекелік концертке ұласты. Мың бұралған бишілеріміз әр ұлттың биін билесе, күміс көмей әншілеріміз әсем әндерін тарту етті. Күйшілеріміз домбыра үнін күмібірлетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. 

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.