Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

Бүгін қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде. Дәл осы күні, 1992 жылы 7 мамырда еліміздің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығының, әскери қауіпсіздігінің кепілі болған Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды. Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы айтарлықтай арта түскенін атап өтті. Мейрам қарсаңында «Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйі» ММ, концерт залында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ-ЕЛ ЕРТЕҢІ!» атты мерекелік салтанатты кеші өтті. Іс-шарада аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы тұрғындарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, сын сағатта халқымызға тән биік парасаттылық пен даналығын көрсетіп, халқына қалқан болған азаматтар, қолынан келгенше тасқын суға тосқауыл болу үшін қолдан келген әрекеттерін аямады. Кешегі топан судың топалаңында тосқауыл жасап, сындырлы сәтте алдыңғы шепте еңбек еткен азаматтарды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай алғыс хатпен марапаттады. Жиын мерекелік концертке ұласты. Мың бұралған бишілеріміз әр ұлттың биін билесе, күміс көмей әншілеріміз әсем әндерін тарту етті. Күйшілеріміз домбыра үнін күмібірлетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Барша елім деген ел ертеңдерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бұл күн ерлік пен елдіктің, батылдық пен шынайы патриотизмнің символы іспетті. Еліміздің егемендігі мен мемлекет мүддесін қорғап, адал қызмет етіп жүрген барша азаматтар қашанда үлкен құрметке лайық. Ержүрек әскеріміздің қуаты артып, еліміздің іргесі бүтін, аспаны ашық болсын! Мереке құтты болсын, құрметті отан қорғаушылар! «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.