Бұл күн Жеңіс күні, Жеңіс тойы әділеттің әділетсіздікті жеңген күн. Бұл туысқан барша халқымыздың мерейлі мерекесі. Міне осы мерейлі мерекеде, оқ пен оттың арасынан оралып елде абыройлы қызмет атқарған, аталарымыздың ерлік істері әрқашан бізге үлгі. Бүгінгі тыныш, бейбіт күндеріміз оңайлықпен келген жоқ. Сұрапыл, қанды қырғын соғыстың біткен күні - 1945 жылдың 9 мамыры бүкіл халықтық мақтаныш пен халықтық азалы күні болды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларымыздың аруақтарына «Оспанқожа әулие» мешітінің бас имамы Айдос СЕРІКҰЛЫ арнайы құран бағыштады. Аудан әкімі Шота СӘБИТБЕКҰЛЫ, Ардагерлер кеңесі төрағасы Қарсақбай БІРМАҒАНБЕТҰЛЫ, Кеңес үкіметімен Ауғаныстан Демократиялық Республикасы соғысының ардагері Бөкейхан ӘМІРХАНҰЛЫ арнайы сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Ерлікті еркін ұрпаққа насихаттаған ақсақалдарымыздың саныда күн санап азайып келеді. Жылдар бойы сұм соғысқа шыдай білген, елінің болашағы үшін күрескен жандарды жылына бір рет емес, күн сайын, сағат сайын құрметке бөлеу парызымыз! Майдан даласында қаза тапқан жаужүрек майдангерлеріміздің қай-қайсы болса да батыр атағына лайық. Батырларымыздың рухтарына тағзым етіліп, гүл шоқтарын қойылды. Майдан алаңында, азаматтық борышын адал атқарған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Баспасөз қызметі