Бүгін, 11-мамыр аудандық мәдениет үйінде аналар күніне арналған «Ана- мейірім шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Халқымызда батыр аналарымыз ел басына күн түскенде ерлер мен бірге қолына қару алып, отанын қорғаған. Ел үшін ер азаматтармен бірге жауға шапқан. Баяғыдан келе жатқан бізге білгілі Бопай ханым, Хиуаз Доспанова, Әлия мен Мәншүк өшпес ерліктерімен елдің санасында қалғанын бәріміз білеміз. Қазақ әйелдері арасында үлкен құрметке бөленген үлкен аналарымыз, домалақ ана, Айша бибі, Айғаным ханша, Зере әжелеріміз парасаттың символы болып саналады. Бүгінгі Қазақстан әйелдері сол парасатты жалғастыратын жолын жалғайтын ізбасарлары. Мерекелік кештің әсем сахнасын Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің «Еркеназ» тобының бишілері ашты. Бишілеріміз мың бұрала халықтың ыстық ықыласына бөленсе, күміс көмей әншілеріміз ана туралы әндер шырқап көрермендердің жүрегін тебірентті. “ Dan-as “ шығармашылық үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері де би билеп, кешті қыздыра түсті. Сонымен қатар, «Dan-AS» шығармашылық орталығының «BalHadisha» жетігеншілер тобы сахнаның шырайын келтірді. 🧷 Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.