Елімізде “ Аналар күніне “ орай жалғызбасты аналарды, көпбалалы аналарды, немесе өмірлік жағдайға тап болған аналарды қолдауға арналған “ Ана-отбасының ұйытқысы ”атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. “ Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі “ ММ-сінің қызметкерлері осы акция аясында Торғай ауылындағы көп балалы және жалғызбасты аналарды мерекемен құттықтап, азық-түлік пакеттерін табыс етті.