Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

2023 жылғы 31- ші мамырдағы № 426 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі 12 мамыр - «Аналар күні» мерекесімен толықтырылды. Бұл мереке әр адам үшін айтулы күн,себебі адам үшін ананың орны ештеңемен бағаланбайтын асыл дүние. 10 мамыр күні аудандық кітапханада «Ана тәрбиесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға әсері» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Болашақ ұрпақ тәрбиесіне ықпал ету, айтылған пікір-ойларды санаға сіңіру, азамат деген атқа лайықты тұлға қалыптастыру. 🪇Адам өмірге келген сәттен бастап ата-ана тәрбиесін, ортаның,қоғамның тәрбиесінің жақсы жақтарын бойына жинақтап,санасына түйіп өседі. Әрине,соның ішіндегі ана тәрбиесінің орны ерекше. Бала ана құрсағында жатқан кезден бастап тәрбие алады деген қағида,кейіннен де өз кезегімен жалғасын табады. Бүгінгі іс-шараға шақырылған қонақтарымыз ұрпақ тәрбиелеп,аялап өсіріп отырған жандар Абдильдина Тұрсынкүл, Сомтемирова Күлпара, Қабажаева Тамаша, Бекмағанбетова Сәуле, Хасекенова Ажар. Алдыңғы буын апаларымыз бүгінде немере-шөбере сүйіп жатса,орта буын аналарымыз да сондай ниетпен,үкілі үмітпен келе жатқан аналар. Дөңгелек үстел басында қонақтарымыз жеке тұлғаны қалыптастыруға әсері туралы өз ойларымен, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп жақсы пікірлерімен бөлісті. Бұл тақырыпта әңгімені өрбітудің мәні зор деп білеміз.Қоғамдағы ата-ана, ұрпақтар, тәрбие, тәлім, өнеге сабақтастығы тіршілік барда ешқашан үзілмейді «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ. 

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.