📆 24 желтоқсан мәдениет үйі концерт залында «АУЫЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» жобасы өз мәресіне жетті. Бұл бағдарлама ауылдық жерлерде мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған ауқымды жобаның нәтижелерін атап өтуге арналған.
⚜️ «АУЫЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» жобасы: Жангелдин ауданының рухани-мәдени жаңғыруы. «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2024 жылға арналған «Ауыл және мәдениет» жобасын жүзеге асырып, ауылдық мәдени ошақтары мен кітапханалардың бірлесуі арқылы ауыл тұрғындарына мәдени шаралар ұсынуды мақсат етіп қойған болатын. Бұл жоюа ауылдық клубтар мен кітапханалардың бірлесіп жұмыс істеуін жіне аудан аумағындағы 6 ауылдық округте мәдени шаралар ұйымдастыруды көздейді. Жоба аясында жыл бойы 12 ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған.
📄 Жоба жайында «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы ШАЛАБАЙ Жанар Асанқанқызы арнайы баяндама жасады. Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы жобаның сәтті аяқталуымен қалың көпшілікті құттықтап, ақ жарма тілегін жеткізді.
📯 ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫСЫ⬇️
🎗️ «АУЫЛ және МӘДЕНИЕТ» жобасы аясында жоғары кәсіби жетістіктері мен ауылдық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:
🎖️ «БИДАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ»
🎖️«КӨЛҚАМЫС АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ»
🎖️«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ»
🎖️«ҚЫЗБЕЛ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ»
🎖️«САРЫСУ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ»
🎖️ «ШИЛІ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ»
🎖️ «АҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ»
🥉Жүлделі 3 орын «МИЛІСАЙ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ» / «ШЕГЕН АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ»
🥈 Жүлделі 2 орын «КӨКАЛАТ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ» / «ЖАРКӨЛ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ»
🥇 Жүлделі 1 орын «АҚШЫҒАНАҚ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ» / «АРАЛБАЙ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫ»
🏆 «ҮЗДІК » деп - «ҚАЛАМ-ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ / «СУЖАРҒАН АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИ КЛУБ ҮЙІ мен КІТАПХАНАСЫ» танылды.