Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

20 қараша 2024 жыл - Ақмола облысының Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Жангелдин ауданының Торғай ауылында шығармашылық гастрольдік сапармен өнер көрсетті. Бұл сапар аудан тұрғындары үшін ерекше мәдени-рухани демалыс болды!
 
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде үш бірдей қойылым ұсынылды:
 
Ақжол Сәбиттің “Байқа, Балақай” ертегісі - балаларға арналған қызықты әрі тәрбиелік маңызы зор қойылым.
Ахмет Байтұрсынұлының “Алаш” пластикалық драмасы - ұлттық рухты, тарихты және мәдениетті дәріптейтін қойылым.
Ерсайын Төлеубайдың “Ән аты - Нурикамал” музыкалық драмасы - музыка мен актерлік шеберліктің әдемі үйлесімі.
Қойылымдар көзі қарақты көрермендерге ерекше әсер қалдырып, өнер сүйер қауымға ұмытылмас кеш сыйлады.
 
Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Серікұлы театр ұжымына алғыс айтып, олардың өнерін бағалап, алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады. Бұл мәдени шара ауданның рухани өміріне өзіндік үлес қосып, өнердің құдіретін сезіндіргендей.
 
Барша Торғай тұрғындарына және Ш.Құсайынов атындағы театр ұжымына үлкен рахмет! Мәдениетімізді бірге көтеріп, өнер арқылы бірлесе өсуге шақырамыз!

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.