Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

Шақшақ Жәнібектің 330-жылдық, Нұрхан Ахметбековтың 120-жылдық, Қайнекей Жармағамбетовтың 105-жылдық, Ғафу Қайырбековтың 95-жылдық, Болат Хамзиннің 85-жылдық, Жангелдин ауданының 95-жылдық және Торғай ауылының 155-жылдық мерейтойларына арналған 

«ЕЛ ТҰҒЫРЫН ҰСТАҒАН ТОРҒАЙ ТҰЛҒАЛАРЫ» атты мерекелік іс-шаралар 

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

«ХАЛЫҚ» ТЕАТРЫ ӘРТІСТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ

10.11.2023 / 15.00

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі, концерт залы

 

І-БӨЛІМ-де Торғай жайында қысқаша видео –көрсетілімі халыққа ұсынылды.

 

ІІ-БӨЛІМ- де Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының 330 жылдығына орай батыр жайында  видео –көрсетілім қалың көпшілікке ұсынылды және  «Шақшақ Жәнібек» атты 1 перделі қойылым сомдалды. Қойылымды сомдаушы: «Н. Ахметбеков» атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық» театры әртістері

 

ІІІ-БӨЛІМ- де «Торғайдың Топтан  Озған Дүлділі» Қазақстанның  халық  ақыны, Нұрхан Ахметбеков 120 жылдығына орай Қостанай облысы меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреты, термеші Кәдіржан Хасенхановтың орындауында «Нұрханға арнау»термесі және «Н. Ахметбеков» атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық» театры әртістерінің орындауында Серік Тұрғынбековтың «Нұрхан ақын» атты спектаклі сомдалды.

 

IV-БӨЛІМ- де Қайнекейдің жолын жалғастырушы, ақынның атындағы мектеп оқушылары  Анар Төлеуханқызының қаламынан туған «Шапағат» атты екі бөлімді көрінісін көрсетті.

 

V-БӨЛІМ-де «Дүниені дүрілдеткен бір ақын» атты  Ғафу Қайырбеков  оқулары. «Дала қоңырауы» дастаны, «Жұлдызды тағдырлар»  атты  өлеңдер  жинағы  үшін ақынға  1980 жылы  қазақ КСР Мемлекеттік  сыйлығы  берілген. Ғафу оқуларын сахнада нақышына келтіре орындаған Қалам-Қарасу ауылы, Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі оқушылары.

 

VІ-БӨЛІМ-де Қазақ өнеріне Торғай мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан дарынды күйші, сазгер, сахнагер «Торғайдың  Шәмшісі» атанған Болат Хамзиннің  туғанына  биыл  85 жыл толуына орай сахнагердің ұрпақтарымен кездесу өтті. Сахна төріне сазгердің балалары «Болат Хамзин» атындағы қоғамдық қорының атқарушы директоры, Қостанай облысы меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының лауреаты Айбар Хамзин,  ҚР мәдениет ісінің үздігі, Мәдениет майталманы медалінің иегері, Қостанай облысы меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты  Гүлзат Хамзина және де келіні мен немерелері ыстық ықыластарын сахна төрінде жеткізді. Жангелдин  ауданының халық  театрының  белді  әртісі, дәстүрлі  әндер  орындаушысы Арай  Ерсары арнайы арнауды өз нақышына келтіре жеткізді.

 

VІІ-БӨЛІМ-де  «Халық театры» әртістерімен кездесу.... Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Торғайдың Топжарғаны атанған,  ақиық ақын Нұрхан Ахметбеков 1936-38 жылдары  ауданаралық  колхоз – совхоз театрында қызмет етіп, өнер қарлығаштарының қанатын  қатайтуға, көркемөнерпаздықты дамытуға елеулі  еңбек сіңіргендігі мәлім. Осынау терең тарихы бар халық театры бүгінде өзінің ерекше қойылымдарымен халықты сусындатып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүр.

 

Торғай өнерінің негізін қалап, шырқау шыңына бастаған, тұма бұлақтардай  бұғып жатқан халық таланттарының  көзін ашуға  үлес қосқан  аяулы ағалар мен апалардың есімдерін ардақтау – абыройлы борыш, қастерлі міндет. Сахна төріне КСРО мәдениет ісінің үздігі, Жангелдин ауданының құрметті азаматы Рысты  Ерденқызы арнайы баяндама жасады. «Н. Ахметбеков» атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған вокалдық тобы «Күрең  күз» атты әнді тебіренде жеткізді. Жасы 70-тен асса да сахнада өнер көрсетіп жүрген Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының әртісі Бөлтірік Молдашевпен  Қостанай қаласындағы  Ілияс Омаров атындағы қазақ  драма  театрының әртісі, Қостанай облыстық меценаттар клубы Қазына сыйлығының лауреаты Күләй  Ахметованы сахна төрінде «Әке мен  Бала» спектаклінен үзінді ұсынды. Халық театрының белді мүшесі Ақдамен Досанова керемет жыр шумақтарын оқыды. ҚР  мәдениет қайраткері, Арқалық театрының актрисасы  Рая Байкөбен «Еңлік-Кебек» спектаклінен «Еңліктің  монологы» қалың көпшілікке ұсынды. Халық театрына еңбегі сіңген,өнер жанашыры Ұлжалғас Сейдахметова, Шыңғыс  Айтматовтың «Ақ Кеме» шығармасынан үзінді,  Ақсақ  кемпір монологын жүрекке жеткізе орындады. Халық театрын біршама ел-жерге танытқан Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» пьесасынан үзінді.Қойылымның ерекшелігі - алғашқы халық театрының құрамындағы ардагер әртістер мен қазіргі театр әртістерінің бірлесе орындауы. Қазіргі таңда театр ұжымында 20-55 жас аралығында әр саланың  қызметкерлері бар.  Көптеген жастар өздерінің шеберліктерімен, ізденістерімен көзге түсіп жүр. Мысалы: Алмас Сейілхан, Алмас Нұрлан, Шыңғыс  Садуақас, Жаңа-жыл Кемелтаева, Фариза Бүркітбай, Марғұлан Қасымбек, Мейрамбек Бейсенбек, Әлішер Шаймағанбет, Азамат Жолдыхан,  Есенгелді Сырым, Жасұлан Қами  және басқада жас қыз-жігіттер еңбек етіп жатыр. 

 

VІІІ-бөлім- де, Қонақтарды  Марапаттау

Шақшақ Жәнібектің 330-жылдық, Нұрхан Ахметбековтың 120-жылдық, Қайнекей Жармағамбетовтың 105-жылдық, Ғафу Қайырбековтың 95-жылдық, Болат Хамзиннің 85-жылдық,Жангелдин ауданының 95-жылдық, Торғай ауылының 155-жылдық мерейтойларына арналған «ЕЛ ТҰҒЫРЫН ҰСТАҒАН ТОРҒАЙ ТҰЛҒАЛАРЫ» атты мерекелік іс-шараларына атсалысқаныңыз үшін БЕЙСЕНБАЕВ Ғалибек Асқарұлына Жангелдин ауданы әкімі атынан алғыс білдірілді.

 

Дәл осындай мәтінде:

1. Бөлтірік  МОЛДАШЕВҚА

2. Рысты ЕРДЕНҚЫЗЫНА

3. БЕКҚОЖИНА Кенжесары Бекқожақызына

4. БАЙКӨБЕН  Рая  Шегетайқызына

5. ДОСАНОВА Ақдәмен  Әбдуәлиқызына

6. ХАМЗИНА Гүлзат  Болатқызына

7. АХМЕТОВА Күләй  Жармағамбетқызына

8. ӘЛІБЕКОВА Сапура  Қабжәлелқызына

9. ЖОЛАМАНОВ Оңғар Әжібайұлына

10. АЛМАТОВА Сандуғаш ОРЕКЕНҚЫЗЫна

11. ЕМБЕРГЕНОВ Нұрманға

12. ӘЛІБЕК Қапуза Қабжәлелқызына

13. ХАМЗИН Айбар  Болатұлына

14. СЕЙДАХМЕТОВА Ұлжалғас Бөлегенқызына

15. ЕРСАРЫ Арай  Кентайқызына

16. ӘЛІБЕКОВА Жанаткүл Байғазықызына

17. ГАЮПОВ Марат Тайшығараұлына

18. СЕЙІЛХАН Алмас  Сапиұлына

19. НҰРЛАН Алмас Нүрланұлына

20. САДУАҚАСОВ Шыңғыс Рахымжанұлына

21. ҚАСЫМБЕК Марғұлан  Мұратұлына берілген болатын.

 

«ТОРҒАЙ ӘУЕНДЕРІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ

10.11.2023 / 19.30

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі, концерт залы

 

Шақшақ Жәнібектің 330-жылдық, Нұрхан Ахметбековтың 120-жылдық,Қайнекей Жармағамбетовтың 105-жылдық, Ғафу Қайырбековтың 95-жылдық,Болат Хамзиннің 85-жылдық, Жангелдин ауданының 95-жылдық және де Торғай ауылының 155-жылдық мерейтойларына орай «ТОРҒАЙ ӘУЕНДЕРІ» атты облыстық әншілер байқауы өтті. Жангелдин ауданы әкімдігінің қолдауымен Нұрхан Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ән бәйгесінде өңіріміздің талантты 12 өнерпазы қатысып, бақтарын сынады. 

1. Нұрбек Әбдіғазы. Жангелдин ауданы;

2. Айгерім Мұхамбетжан. Амангелді ауданы;

3. Ақжол Тұрсынбеков. Арқалық қаласы;

4. Серікболсын Абықан. Алтынсарин ауданы;

5. Сәкен Байсенгіров. Қарабалық ауданы;

6. Нұриден Қабыкен. Қостанай ауданы;

7. Нұрсұлтан Ещанов. Амангелді ауданы;

8. Алтынбек Әшім. Жангелдин ауданы;

9. Байдос Қожасағиев. Меңдіқара ауданы;

10. Асхат Шыңғысов. Әулиекөл ауданы.

11. Тасқын Әжібай. Федоров ауданы.

12. Фариза Бүркітбай. Жангелдин ауданы;

Жанар Шалабай – Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, бүгінгі байқаудың төрайымы, Айбар Хамзин – «Болат Хамзин» атындағы қоғамдық қорының атқарушы директоры, Қостанай облысы меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының лауреаты, Бағдат Оспанов – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі, Қостанай облыстық Композиторлар одағы төрағасының орынбасары,  Бибігүл Сұлтанова  - «Болат Хамзин» атындағы аудандық өнер мектебі» КММ вокал үйірмесінің ұстазы қазылық етті. Байқаудың мақсаты Торғай өңірінен шыққан белгілі композиторлар Бақытжан Байқадамов, Болат Хамзин, Бақытжан Сәуекенов, Қалибек Деріпсалдин, Алтынбек Сейтқасымовтың әндерін өскелең ұрпаққа насихаттау, олардың әндері арқылы елдің рухын биіктетіп, қазақ эстрадасындағы жас таланттардың орындаушылық шеберліктерін арттыру, жаңа есімдерді шығару. Қазлар алқасы шешімімен, Байқау қорытындысы бойынша: 

1. Бас Жүлде - Сәкен Байсенгіровке бұйырды.Қарабалық ауданы  (100 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка)

2. І орын - Тасқын Әжібай. Федоров ауданы. (80 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка)

3. ІІ орын - Нұриден Қабыкен. Қостанай ауданы. (70 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка)

4. ІІІ орын - Асхат Шыңғысов. Әулиекөл ауданы. (60 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка)

5. Арнайы жүлде  - Байдос Қожасағиев. Меңдіқара ауданы. (50 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка)

6. Болат Хамзин атындағы арнайы жүлде - Серікболсын Абықан. Алтынсарин ауданы, (20 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка)

7. Қалған 6 қатысушы қатысқаны үшін арнайы дипломмен 20 000 теңге ақшалай сыйақы/ статуэтка

 

ГАЛА КОНЦЕРТ

10.11.2023 / 22.00

Шақшақ Жәнібек атындағы алаң, Орталық сахна

 

Гала концерт  басын ежелгі  Торғай – бүгінде  өркені  өскен  өлке,  даңқты  жерде 1974  жылы  Торғай жерінде  халқымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып  келе  жатқан, саф алтындай  сақталған ән-жыры мен  күйлерін қайта  жаңғыртқан фольклорлық-этнографикалық  «Ғасырлар пернесі» ансамбль ашты. 

1. Ахметбек Әлпекұлы, «Жылқышы»   ор: «Ғасырлар пернесі»  халық  ансамблі 

2. Қазанғап, «Ақжелең»  - Ғасырлар пернесі»  халық  ансамблі

3. Бауыржан Бекмұхамбет, «Алтыныма» - Қарағұл Айназ,  Қалабайқызы  Перизат 

4. Қазақ  биі, «Ақбаян» - «Еркеназ» би ансамблі 

5. Фариза  Бүркітбай - «Желдірме»   әні

6. «Кейкі  Мерген» - «Қассақ»   тобы 

7. «Томирис»  -  «Қассақ»   тобы 

8. «Ант» - Мирас Әбдікәрім

9. «Еркеназ»  би  ансамблі - «Көктем  лебі»  

10. «Отан» - Сакен Байсенгіров

11. «Мен сіздерді жақсы көремін» - Ақжол Тұрсынбек

12. «Ей Перизат» - Серікболсын Абықан

13. «Жоқ саған жаным жететіні» - Шыңғысовтар тобы

14. «Ауылымды сағындым» - Шыңғысовтар отбасы

15. Бақытжан Сәуекенов, «Ағасы бар бақытты» - Байдос Қожасағиев

16. «Өмір Өзен» - Тасқын Әжібай

17. «Шилі» - Серік  Алпысов

18. Шәмші Қалдаяқов, «Арқалықтың  ақ таңы»  -Бақытжан Байқадамов атындағы Хоры 

19. Финал. «Айналайын,Торғайым!»  - Асхат Шыңғысов

атты есті де әсерлі туындылар аудан жұртшылығына ұсынылды. «ТОРҒАЙ ӘУЕНДЕРІ»атты облыстық әншілер байқауы марапаттыда осы гала концертте табыс етілді. 

 

«АТАНДЫМ ОН ҮШ ЖАСТА НҰРХАН АҚЫН» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ РЕТРО АЙТЫСЫ

11.11.2023 / 10.00

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі, концерт залы

 

Бүл айтыс бұрынғы айтыстан өзгерек. Сонау 90-жылдардың басынан Торғай елінің атын күллі қазаққа танытқан ақиық шайырлар халық алдында өнер көрсетті. Былтыр ғана облысымызда бастау алған РЕТРО айтыс бүгін екінші рет Торғай төрінде өтті. 

            Кім бар деп бұл сөзіме мін тағатын,

            Сермедім кең көсілтіп жыр қанатын.

             Қолыма домбыра алып жыр дүбірін

             Атандым 13 жаста Нұрхан ақын, деп Торғайдың Топжарған дүлдүлі Нұрхан Ахметбеков жырлағандай, Өлең-сөзге сусап отырған қалың жұртшылықтың шөлін қандырып, таңды-таңға ұрып жырлайтын ақындарымыз:

1. Әлпия Орманшина – Астана қаласы

2. Жадыра Құтжанова – Астана қаласы

3. Серік Жұмабеков – Аманкелді ауданы

4. Айбек Қалиев – Арқалық қаласы

5. Бағила Балмашева – Арқалық қаласы

6. Аязбек Ержанов - Арқалық қаласы

7. Мамай Ізтілеу – Б.Майлин ауданы

8. Салтанат Өтелбаева – Қостанай ауданы

9. Ғалымкерей Кенжеғозин – Рудный қаласы

10. Байбатыр Ахметбеков – Жангелдин ауданы бас-аяғы 10 ақын қатысты.  Барлық ақындарға арнайы жүлдемен қатар 200 мың ақшалай сыйақы табыс етілді.

 

Айтыс арасын арнайы қонақ болып келген  7 термеші 1 ақын өз туындыларымен әсемдеді.  6 арнаулы термешіге 50 000 ақшалай сыйақымен аудан әкімінің алғыс хаттар табысталды.

 

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.