Бүгін аудан әкімі Шота СӘБИТБЕКҰЛЫ және әлеуметтік сала бойынша орынбасары Еренбол ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ соғыс ардагері Балтабай СЕЙДАХМЕТҰЛЫНЫҢ жары Кәмпит анамызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Ғасыр жақын ғұмыр кешкен анамызбен өткенді еске алып, анамыздың тарихқа толы әңгімелерін тыңдап қайтты. «Біздің облыста Ұлы Отан соғысының 14 ардагері мен 2332 тыл еңбеккері тұрады. Біздің басты міндетіміз – майдангерлерді құрметтеу және ардагерлерге және олардың жұбайларына қамқорлық жасау. Біз оларға күнделікті өмірде қамқорлық пен көңіл бөліп, қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз» -, деп сөзін түйіндеді аудан басшылығы