Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

✅ Нұрхан Ахметбеков атындағы Жангелдин ауданының мәдениет үйінің «Ғасырлар пернесі» ансамблінің 50 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл мерейтой ұлттық өнерімізді дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген ұжымның елеулі еңбегін атап өтуге арналған үлкен мереке болды.

✅Ежелгі Торғай – бүгінде өркені өскен өлке, даңқты жер. 1974 жылы Торғай жерінде халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан, саф алтындай сақталған ән-жыры мен күйлерін қайта жаңғыртқан фольклорлық-этнографикалық ансамбль «Ғасырлар пернесі» дүниеге келді.
 
✅1980 жылы «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өмірінде елеулі оқиға болып, өнерде өз қолтаңбасы бар коллективке айналып «Халық ансамблі» атағы берілді.
 
✅«Ғасырлар пернесі» фольклорлық халық ансамблін құруда ірге тасын қалаушыларының бірі Болат Хамзин болды. Оның негізігі мақсаты тарихы бай өлкенің халық әндері мен күйлерін көне әуендерді өнер саңылақтары қобызшы, бақсы Закария Кәрібаев пен халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің күйлерін, сондай- ақ жергілікті сазгерлердің музыкалық шығармаларын қалың көпшілікке таныстырды.

✅ Ұлттық мәдениетімізді асқақтатып, қазақ өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, рухани мұрамызды сақтауға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Ансамбльдің шығармашылық ұжымы алдағы уақытта да халқымыздың мәдени қазынасын өркендетуге қызмет ете береді деп сенеміз.

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.