ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» ашық қалалық конкурс-фестивалі «Мирас» Қостанай қалалык мәдениет сарайының «Мирас» қазақ халық аспаптар ансамблінің 30 жылдығын және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Дерипсалдиннің туғанына 70 жыл толуын мерекелеу шеңберінде
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» ашық қалалық конкурс-фестивалі өткізілді. Конкурс үш бағытта өтуде: 1. Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің конкурсы; 2. Назымбек Молдахметов атындағы домбырашылар конкурсы; 3. Қалибек Дерипсалдин атындағы ән орындаушылар конкурсы. Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің конкурсына 10 халық аспаптар ансамбльдері қатысты. Аудан намысын аталмыш дода қорғаған «Ғасырлар пернесі» ұлт-аспаптар ансамблі жүлделі орынға ие болды. (200 мың ақшалай сыйақы, сертификат, естеліек пакеті) Назымбек Молдахметов атындағы домбырашылар конкурсына 20-ға жуық домбырашы қатысты. Жангелдин ауданынан «Ғасырлар пернесі» ұлт-аспаптар ансамблі домбырашысы Перизат Қалабайқызы қатысқаны үшін дипломымен марапатталды. Қалибек Дерипсалдин атындағы ән орындаушылар конкурсына 10 жуық қатысушы бақ сынады. Аталмыш дода аудан намысын қорғаған Мирас Әбдікәрім @abdikarymm қатысқаны үшін дипломымен мадақталды.