Өнер мен мәдениет - халқымыздың рухани байлығы, ұлттың бірлігі мен тұтастығының негізі. Бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір өнер адамдарының қосар үлесі зор. Осы орайда, 2025 жылдың 1 наурыз күні Астана қаласы, Жастар сарайында «ТОРҒАЙДАН СӘЛЕМ» атты мерекелік концерті қалың көпшілікке жол тартты.
«Торғайдан сәлем» мерекелік концерті - өңіріміздің өнер адамдарының бірлесе отырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын, дәстүрін, ән мен жырының жанын ұлықтайтын ерекше шара.
Бұл концерт - халқымыздың рухани байлығын арттыру, өнер арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, сондай - ақ еліміздің мәдени дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - бұл тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру.
«Мәдениет - елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы».
Қазіргі таңда Торғай жерінің мәдениеті ілгері жылжып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді. Мәдениет саласындағы тың идеялар легі кезең кезеңімен жүзеге асуда. Мәселен, “Ауыл және Мәдениет” жобасы Торғай өнерпаздарының рухына жігер беріп, ізденіспен, жаңашылдықпен “Жаңа Қазақстан” тұжырымдамасына серпін беруде. Өткен ғасырды айтпағанда, қасиетті Торғай жерінің көркемөнерпаздары тұңғыш рет Елорда төріндегі зәулімдей Жастар сарайында өнер көрсету еншісіне ие болды. Бұл біздің ауданымыз үшін тарихи оқиға болып саналады.
«ТОРҒАЙДАН СӘЛЕМ» атты мерекелік концерті
Мемлекеттік бағдарламалар
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.