Міржақып Дулатұлына – 140 жыл: Өнер мен ұрпақ үндестігі
Облыстық халық шығармашылығы орталығының жетекшісі Дәмер Қалқаев «Тобыл тынысы» бағдарламасының қонағы болып, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мәдени іс-шаралардың өту барысы туралы әңгімеледі.
Сұхбат барысында мерейтой аясында өткен республикалық айтыс, поэзиялық байқау және гала-концерттің ұйымдастырылуы туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар, мерейтой тек өнер саласымен шектелмей, жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және Міржақып мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталғаны атап өтілді.
Дәмер Қалқаевтың айтуынша, барлық іс-шаралар ұлт руханиятының шамшырағы болған Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтауға арналды және ол ел жадында мәңгі сақталады.
Торғайда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аталып өтті
20-21 қыркүйек күндері Жангелдин ауданында ағартушы, ақын және қоғам қайраткері, осы өңірдің тумасы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтті.
Екі күнге жоспарланған мерейтойлық бағдарлама ғылыми-танымдық, мәдени және спорттық шараларды қамтыды. Бұл шаралар М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеумен қатар, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.
Бұл мереке ұлттық бірлікті нығайтқан маңызды мәдени оқиғаға айналды.
«Тобыл тынысы» бағдарламасында облыстық халық шығармашылығы мен кино қоры орталығының жетекшісі Дәмер Қалқаев мерекелік іс-шаралардың өту барысы туралы кеңінен айтып берді. Ол мерейтой аясындағы республикалық айтыс, «Жыр-Терме» байқауы және гала-концерт туралы егжей-тегжейлі тоқталды.
Дәмер Қалқаевтың айтуынша, мерейтой өнер саласымен ғана шектелмей, жастардың тарихи санасын қалыптастыру мен Міржақып Дулатұлының мұрасын кеңінен насихаттауға зор үлес қосты.
