Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай – 70 киіз үйден тұратын қалашық бой көтерді!
Жангелдин ауданында Алаш арысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Мерейтой аясында 70 киіз үйден тұратын этноқалашық құрылып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін көрмелер, мәдени бағдарламалар, тағылымды кездесулер өтті.
Бұл шара – ел тарихындағы елеулі тұлғаның рухына тағзым, ұрпаққа өнеге.
