Торғай төрінде өткен дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен 14 айтыскер қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша айтыс аламанында оза шапқан жүйріктерін марапаттады.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов
Бас жүлде иегері ақын Мұхтар Ниязовқа JETOUR X50 автокөлігін табыстады.
I орын иегері Бекарыс Шойбековке ҚР Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Chevrolet автокөлігін сыйға тартты.
ІІ орын – Мейірбек Сұлтанхан мен Әсем Ережеқызы (әрқайсысына 2 млн теңгеден);
ІІІ орын – Аспанбек Шұғатаев пен Нұрлан Есенқұлов (әрқайсысына 1 млн теңгеден).
Айтысқа қатысқан басқа ақындардың барлығына 500 мың теңгеден сыйақы табысталды.
Торғайдың азаматтары ақын Тоба Өтепбаевқа ат мінгізіп, құрмет көрсетті.
Қос темір тұлпардың бірін ҚР Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев, екіншісін Қостанай облысы әкімдігі жүлдеге тікті.
Жеңіске жеткен ақын өнерпаздарды құттықтаймыз!
