Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Байланыс:
8714-39-21-0-26
8714-39-22-0-44
Кіру
Тіркелу

Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Өткен айдың 20 күнінде 1 млннан аса адам қатысып, 5 мыңнан астам шара ұйымдастырылды. Акцияның аты айтып тұрғандай, оның мақсаты – азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу.

«Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл сөз енді іске айналуы тиіс. Торғай елінің өзінде 200-300 түп көшет отырғызылады. Жалпы «Таза Қазақстан» апталығы бұл бірнеше тақырыптық шараларды қамтиды.

Бірінші апта «Таза өлке» деп аталып, тұрғындар қоғам белсенділері мен мекемелер өз аула-жайларын тазалады. «Киелі мекен» апталығы қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыруға бағытталса, «Жасыл аймақ» апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі. Ал жас буын «Өнегелі ұрпақ» апталығы кезінде ардагерлер мен қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды. Шараның соңғы аптасы «Мөлдір Бұлақ» тақырыбымен өтіп, өзен-көл жағасы тазартылады.

Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. 

Қазақстан Республикасының Президенті: – Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе.

Мемлекеттік бағдарламалар

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының дербес бөлімі ретінде әрекет етті. Лисаков мұражайы топтамасының негізін қала құраушы кәсіпорын-Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи-өндірістік мұражайынан берілген қорлар құрады. Материалдарды Лисаковскідегі мұражай ісінің негізін қалаушы С.M. Ләпустина жинады.